Қазақстан Ресеймен +7 телефон кодын бірлесіп пайдалану туралы келісімді мақұлдады
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстан Республикасы үкіметі басшысы Ресеймен дүниежүзілік нөмірлеудің 7-аймағының нөмірлеуін бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол қойды. Бұл жөнінде құжатқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қаулы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі порталында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, Ресей мен Қазақстан дүниежүзілік нөмірлеудің 7-аймағының нөмірлеу аймақтарының кодтарын бекітеді.
Ортақ резервтегі нөмірлеу ресурсы тараптардың әрқайсысына тараптардың жеке келісім жасасуы арқылы бекітіледі.
Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар:
Қазақстан тарабынан – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
Ресей тарабынан – Ресей Федерациясының Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі.
Қаулыға сәйкес, Қазақстанның айрықша пайдалануындағы кодтар диапазоны: 000 - 099, 600 - 699, 700 - 799.
Ресейдің айрықша пайдалануындағы кодтар диапазоны: 200 - 299, 300 - 399, 300 - 399, 500 - 599, 810 - 818, 820 - 821, 831, 833 - 836, 840- 848, 850 - 851, 855 - 857, 860 - 863, 865 - 867, 869, 871 - 873, 877- 880, 900 - 999 болады.
Екі ел бірлесіп пайдаланатын кодтар диапозоны: 100 - 199, 800 - 809, 881 - 899.
Нөмірлеу кодтарының диапазондарын бірлесіп пайдалануға байланысты мынай жайттар келісілген:
- нөмірлеу кодтарының бірлесіп пайдаланылатын диапазонында кодтарды өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес өздері белгілейді;
- нөмірлеу кодтарының көрсетілген диапазонындағы нөмірлеуді өз мемлекеттерінің телефон желілерінде ғана пайдаланады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2181024-qazaqstan-reseimen-7-telefon-kodyn-birlesip-paidalanu-turaly-kelisimdi-maquldady/