jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан Ресеймен +7 телефон кодын бірлесіп пайдалану туралы келісімді мақұлдады

    Ер адам
    Телефон ұстаған ер адам. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Қазақстан Республикасы үкіметі басшысы Ресеймен дүниежүзілік нөмірлеудің 7-аймағының нөмірлеуін бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол қойды. Бұл жөнінде құжатқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қаулы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі порталында жарияланды.

    Құжатқа сәйкес, Ресей мен Қазақстан дүниежүзілік нөмірлеудің 7-аймағының нөмірлеу аймақтарының кодтарын бекітеді.

    Ортақ резервтегі нөмірлеу ресурсы тараптардың әрқайсысына тараптардың жеке келісім жасасуы арқылы бекітіледі.

    Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар:

    Қазақстан тарабынан – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

    Ресей тарабынан – Ресей Федерациясының Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі.

    Қаулыға сәйкес, Қазақстанның айрықша пайдалануындағы кодтар диапазоны: 000 - 099, 600 - 699, 700 - 799.

    Ресейдің айрықша пайдалануындағы кодтар диапазоны: 200 - 299, 300 - 399, 300 - 399, 500 - 599, 810 - 818, 820 - 821, 831, 833 - 836, 840- 848, 850 - 851, 855 - 857, 860 - 863, 865 - 867, 869, 871 - 873, 877- 880, 900 - 999 болады.

    Екі ел бірлесіп пайдаланатын кодтар диапозоны: 100 - 199, 800 - 809, 881 - 899.

    Нөмірлеу кодтарының диапазондарын бірлесіп пайдалануға байланысты мынай жайттар келісілген:

    • нөмірлеу кодтарының бірлесіп пайдаланылатын диапазонында кодтарды өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес өздері белгілейді;
    • нөмірлеу кодтарының көрсетілген диапазонындағы нөмірлеуді өз мемлекеттерінің телефон желілерінде ғана пайдаланады.
    Қазақстан Ресеймен +7 телефон кодын бірлесіп пайдалану туралы келісімді мақұлдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.