Тоқаев Макронның әйеліне ерекше сыйлық жасады (фото, видео)
Жарияланған күні:
Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға мемлекеттік сапары барысында ел президентінің жұбайы Бриджит Макронға зергерлік бұйымдар жиынтығын сыйға тартты. Бұл туралы 24.KZ телеарнасындағы President тележобасында айтылды.
Телебағдарлама мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға мемлекеттік сапары барысында Франция президентінің жұбайы Бриджит Макронға зергерлік бұйымдар жиынтығын сыйға тартқан. Францияның бірінші ханымы дәл осы әшекейді кешкі мемлекеттік қабылдауға тағып барған.
Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына 4 қарашада мемлекеттік сапармен барды. Париж әуежайында Қазақстан президентін Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро қарсы алды.
5 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронмен келіссөздер жүргізді.
Тоқаев пен Макрон келіссөздерден кейін Бірлескен декларация қабылдады, екі ел басшысы кездесуі аясында бірқатар құжатқа қол қойылды.
6 қарашада Франция президенті Эмманюэль Макрон Тоқаевтың құрметіне Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макрон мен оның зайыбы Бриджит Макронға қазақ делегациясына ерекше қонақжайлық көрсеткені және достық пейілдері үшін ризашылық білдірді.
Мемлекеттік қабылдауға Францияның үкімет мүшелері, белгілі саясаткерлер, іскерлік топ, ғылым және дипломатия өкілдері, сондай-ақ екі елдің көрнекті мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2185553-toqaev-makronnyng-aieline-erekshe-syilyq-zhasady-foto-video/