jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев пен Орбан Мажарстан мен Германия құрамалары арасындағы футбол матчын тамашалады (фото)

    Қасым-Жомарт Тоқаев, Виктор Орбан
    Қасым-Жомарт Тоқаев, Виктор Орбан. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан Мажарстан мен Германия құрамалары арасындағы футбол матчын тамашалады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Будапешт қаласына мемлекеттік сапармен келген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен бірге Puskas Arena Park стадионына барды. Онда УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтіп жатқан Мажарстан мен Германия құрамалары арасындағы кездесуді көрді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев, Виктор Орбан
    Қасым-Жомарт Тоқаев, Виктор Орбан. Фото: akorda.kz

    Мажарстан мен Германия арасындағы матчтың ашылу салтанаты
    Мажарстан мен Германия құрамалары. Фото: akorda.kz

    Футбол алаңы
    Мажарстан мен Германия құрамалары арасындағы матч. Фото: akorda.kz

    Еске салсақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қарашада Мажарстанға мемлекеттік сапармен барды.

    Сапар аясында мемлекет басшысы Мажарстан президенті Тамаш Шуйокпен және премьер-министр Виктор Орбанмен келіссөз жүргізіп, екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту перспективасын талқылайды.

    Сонымен қатар президент Мажарстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.

    Тоқаев пен Орбан Мажарстан мен Германия құрамалары арасындағы футбол матчын тамашалады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.