Зектілері

Қазақстан қорғаныс министрінің Оңтүстік Кореяға жоспарланған сапары тоқтатылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Руслан Жақсылықов
Руслан Жақсылықов. Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Оңтүстік Корея елдегі жағдайға байланысты Қазақстан қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың жоспарланған сапарын тоқтатты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қорғаныс министрлігінің NUR.KZ тілшісіне берген мәліметі бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің Корея Республикасына жоспарланған сапары кореялық тараптың бастамасымен тоқтатылды.

"Корея Республикасының Ұлттық Қорғаныс министрлігі Қазақстан қорғаныс министрінің елдегі ішкі жағдайға байланысты Кореяға сапары әзірге жүзеге асырылмайтыны хабарлайды", - делінген Оңтүстік Кореядағы ведомство мәлімдемесінде.

Айта кетейік, 3 желтоқсанда Оңтүстік Корея президенті әскери төтенше жағдай жариялаған болатын.

Кейін Оңтүстік Корея парламенті әскери төтенше жағдай режимін алып тастауға дауыс берді. Қазақстанның Кореядағы елшілігі елдегі әскери төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Кейін Оңтүстік Кореяда әскери режим алынды, оппозициялық партия президенттің қызметтен кетуін талап етті.

Оңтүстік Корея қорғаныс министрі Ким Ён Хен кеше Оңтүстік Кореяда әскери жағдай енгізілгеннен кейін отставкаға кететінін айтты.

"Соғыс жағдайындағы төтенше жағдайға байланысты адамдар арасында түсінбеушілік пен алаңдаушылық тудырғаны үшін өкінемін және үлкен жауапкершілікті өз мойныма аламын", - деді Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2196485-qazaqstan-qorganys-ministrining-ongtustik-koreiaga-zhosparlagan-sapary-toqtatyldy/