jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан елшісі "Сеулдің құрметті тұрғыны" атағына ие болды

    Руслан Қайрамбаев пен Ким Санг Хан
    Руслан Қайрамбаев пен Ким Санг Хан. Фото: gov.kz

    Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшісі Руслан Қайрамбаев "Сеулдің құрметті тұрғыны" атағына ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елшілік таратқан мәліметке сүйене отырып хабарлайды.

    20 желтоқсанда Сеул қаласында өткен салтанатты шарада Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшісі Руслан Қайрамбаевқа "Сеулдің құрметті тұрғыны" атағы тапсырылды. Елшіні Сеул әкімінің бірінші орынбасары Ким Санг Хан марапаттады.

    Бұл атақ 1958 жылы тағайындалған. Содан бері жоғары марапат әлемнің 100 елінен барлығы 933 адамға тапсырылды. Атақ Сеулдің дамуына айтарлықтай үлес қосқан шетел азаматтарына беріледі. Биыл осы марапат халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және қаланың өркендеуіне үлес қосқан 16 лауреатқа табысталды.

    Ким Санг Хан марапат иелерінің елеулі жетістіктерін атап өтіп, олардың жемісті еңбегі үшін алғысын білдіріп, халықтар мен мәдениеттердің жақындасуының маңыздылығын ерекше атап өтті.

    Айтай кетейік, Оңтүстік Корея Руслан Қайрамбаевтың жұмысын осымен екінші мәрте жоғары бағалап отыр. Елші былтыр желтоқсанда жасаған ерлігі үшін арнайы марапатқа ие болған. Сол кезде Қайрамбаев автотұрақта жанып жатқан автокөлікті құтқарушылар келгенге дейін сөндіріп, адамдардың өмірін сақтап қалған.

    "Менің орнымда болған кез келген адам дәл солай жасар еді", - деген Қазақстан елшісі Сеул қаласы әкімдігінің сыйлығын тапсыру салтанатында.

    Қазақстан елшісі "Сеулдің құрметті тұрғыны" атағына ие болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.