Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олжас Бектенов Әзербайжанның Астанадағы елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды

Жарияланған күні:

Олжас Бектенов
Олжас Бектенов. Фото: gov.kz

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Әзербайжанның Астанадағы елшілігінде көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкімет мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Әзербайжанның Астанадағы елшілігіне барып, Ақтау қаласының әуежайы маңында Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты ашылған көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

26 желтоқсанда Әзербайжанда қаралы күн жарияланды. Апаттан қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

"Осынау қиын сәтте Қазақстан үкіметінің және өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, апат салдарынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін, әзербайжан халқына сабыр мен төзімділік тілеймін. Біз бауырлас Әзербайжанға көмектесіп, жан-жақты қолдау көрсетеміз", — деп жазды Олжас Бектенов.

Бұған дейін премьер-министр қаза тапқан қазақстандықтардың туған-туыстарына көңіл айтып, Әзербайжан, Ресей және Қырғызстанның апаттан зардап шеккен азаматтарына жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырған.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтардың Ақтау қаласына келген туыстарына көмек көрсетіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2205341-olzhas-bektenov-azerbaizhannyng-astanada-elshiliginde-kongil-aitu-kitabyna-zhazba-qaldyrdy/