jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Екеуінің жағдайы аса ауыр": ДСМ ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет берді

    Дәрігерлер консилиумы
    Дәрігерлер консилиумы. Фото: ДСМ

    Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 25 желтоқсанда Маңғыстауда ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы тың мәлімет таратты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ министрлікке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    "Науқастар негізінен бірнеше зақымдармен түсті: мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, кеуде қуысының жабық жарақаттары, жарақаттан шошып қалу.

    26 желтоқсан таңертеңгі мәлімет бойынша, 11 науқас жансақтау бөлімінде, 13 науқас - травматология, 2 науқас - нейрохирургия, ал 1 науқас – хирургия бөлімшесінде ем алды.

    Науқастардың жағдайы бойынша: екеуінің жағдайы аса ауыр, 11 науқастың жағдайы ауыр, 14 – орташа ауыр, 2 науқастың шағымы жоқ, жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.

    11 науқастың сегізі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, дәрі седациясы, тониктер қабылдап жатыр", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

    Бұған дейін хабарланғандай, Астанадан Ақтауға әуе апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін санитариялық авиация ұшағы жіберілген.

    Бригада құрамында екі реаниматолог, 4 травматолог, нейрохирург және комбустиолог бар.

    "Екеуінің жағдайы аса ауыр": ДСМ ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram