Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңға өзгерістер енгізді

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға түзетулер енгізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін реформалауға қатысты заңға қол қойған еді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанмен өткізу пункттерінде сауда-логистикалық кешен құру туралы заңға қол қойған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2206670-toqaev-memlekettik-nagradalar-bilim-beru-zhane-balanyng-quqyqtaryn-qorgau-maseleleri-boiynsha-zangga-ozgerister-men-tolyqtyrular-engizdi/