Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мемлекет басшысы 2024 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды", - делінген хабарламада.

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілген адамдардың дербес құрамын мына сілтеме арқылы көруге болады.

Adilet.zan.kz сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында беріледі.

Мемлекеттік стипендияны жыл сайын мәдениет мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия шешімінің негiзiнде, Үкімет ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.

Мемлекеттік стипендияны алуға:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, халық жазушысы, халық әртісі, халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атақтары бар немесе әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары болып табылатын;
  2. Қазақстан мәдениетін дамыту үшін шығармашылық әлеуеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2207181-toqaev-2024-zhyly-madeniet-salasyndagy-memlekettik-stipendiiany-beru-turaly-okimge-qol-qoidy/