jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Ерлан Сәрсембаев әділет министрі болып тағайындалды

    Ақорда
    Ақорда. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев әділет министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарда.

    "Параграф" сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Ерлан Сәрсембаев 1975 жылы туған. Алматы энергетика және байланыс институтын, Дінмұхамед Қонаев атындағы гуманитарлық университетті бітірген. Мамандығы – радиоинженер, заңгер.

    Қорғаныс министрлігінде офицер, аға офицер, бөлім бастығы қызметтерін атқарып, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет етті.

    Премьер-министр кеңсесінде және сенат аппаратында түрлі басшылық қызметте жұмыс істеді. Ол сондай-ақ сенат аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

    Еске салайық, бұған дейін президент жарлығымен әділет министрі қызметін атқарған Азамат Есқараев лауазымынан босатылған болатын.

    Ерлан Сәрсембаев әділет министрі болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.