Зектілері

Трамп Байденнің барлық "ақылға қонымсыз әрі радикалды" бұйрығының күшін жоюға уәде берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Anna Moneymaker / Getty Images

Дональд Трамп инаугурация алдында сөйлеген сөзінде ант беру рәсімінен кейін "Байден әкімшілігінің барлық радикалды әрі ақылға қонымсыз бұйрығының" күші жойылатынын айтты, деп хабарлайды The Times басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, Трамп Вашингтондағы Capital One аренасында инаугурация алдында сөз сөйлеген.

"Қандай жағымды сезім – бізге жеңген ұнайды, солай емес пе?", - деп сұрады ол аренадағы жақтаушыларынан.

Трамп "ертең түсте америкалық құлдыраудың төрт жылға созылған шымылдығы жабылып, америкалық күш пен гүлденудің, абырой мен мақтаныштың жаңа күні басталатынын" мәлімдеді.

"Байден әкімшілігінің әрбір радикалды әрі ақылға қонымсыз бұйрығы мен ант бергеннен кейін бірнеше сағат ішінде күшін жояды. Біреу: "Сэр, бір күнде тым көп құжатқа қол қоймаңыз, оны бірнеше аптаның ішінде жасайық" деді. Мен "біз мұны бірнеше апта ішінде жасаймыз деп армандамасаң болады" деп жауап бердім. Біз оларға басында-ақ қол қоямыз. Біз мұны ертең істейміз", - деді Трамп.

Мақала авторлары Дональд Трамп АҚШ-тың 47-президенті ретіндегі алғашқы күнінде шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуден бастап, президент Джон Ф. Кеннеди және кіші Мартин Лютер Кингтің өліміне қатысты құпия файлдарды жариялауға дейінгі мәселелер бойынша 200-ге жуық бұйрыққа қол қояды деп топшылап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2213061-tramp-baidenning-barlyq-aqylga-qonymsyz-ari-radikaldy-buirygynyng-kushin-zhoiuga-uade-berdi/