Ресейлік саясаттанушы Жириновскийді "алжыған шал" деп атады
Жарияланған күні:
"Жаһандық саясаттағы Ресей" журналының Бас редакторы, Ресейдің ішкі және қорғаныс саясаты Кеңесінің мүшесі Федор Лукьянов dalanews.kz сайтына сұхбат берді.
Сұхбат әлемдік саясат және Еуразиялық одақ төңірегінде өрбіп, ресейлік саясаттанушы Қазақстанға қатысты арандататын пікір айтып, балағаттап, қазақтың Тәуелсіздігіне тіл тигізген Жириновский мен Лимонов сияқтыларды сынаған.
"Аталған азаматтардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталуға болады. Мысалға, Лимонов творчестволық тұлға, сонымен бірге жауапсыз адам. Сөзінің салмағы жоқ. Өз басым оның пікірімен Кремльдің арасында қандай да бір байланыс бар деп ойламаймын. Бұл мүлдем қисынсыз уәж", - деді Лукьянов.
Алайда, ол Жириновскийдің жайы бөлек екенін айтады.
"Ол қанша дегенмен саяси тұлға. Оның саяси аренада жүргеніне 25 жыл. Орыстар оны өз арасында "алжыған шал" дейді. Иә, оның Қазақстан туралы айтпағаны жоқ. Естіп, біліп отырмыз. "Мұндай мемлекет жоқ" деп айтқан кезі де болды. Бұл біздегі сөз бостандығының, демократияның көрінісі деп айтар едім", - деді саясаттанушы.
Федор Лукьянов белгілі бір шекара болуы керектігіне баса назар аударған.
"Орыс әлемі" күшті, мықты. Кіші халықтар түгелдей соған бағынуы керек",– деген пікірді ұстанатындар бар. Бұл қауіпті естілуі мүмкін. Алайда іс жүзінде Жириновский сияқтылардың сөзі ешқашан әрекетке ұласпайды. Оның сөзін жақын қабылдаудың қажеті жоқ. Сіздерге де бұл тарапта үрейден арылған артық етпес еді", - дейді ол.
Лукьянов Еуразиялық Одақ туралы да өз ойын білдірді.
"Әрине, одақтың саяси ұйымға айналуына қарсымын. Оның ішінде біздің Премьердің ортақ валюта туралы идеяларын қолдамаймын. "Сәбет үкіметі" келмеске кетті. "Бір кезде шалқып өмір сүрген едік. Тұрмыс түзу, қарнымыз тоқ еді",– дейтін үлкендер жағы өткенді көксегенді қою керек. Болды. Ол кезең тарих қойнауына сіңді. Бұл одаққа экономикалық басымдық бергісі келсе, ендеше өзгесі емес, ең алдымен Ресей өз психологиясын өзгертуі қажет", - деді Федор Лукьянов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/350192-resejlik-sayasattanushy-zhirinovskijdi-alzhygan-shal-dep-atady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.