jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Рашид Жақыпов ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

    : UGC

    Мемлекет басшысының өкімімен Рашид Тауфикұлы Жақыпов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан республикасының ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Рашид Жақыпов. Фото: Sputnik
    Рашид Жақыпов. Фото: Sputnik: UGC

    Ол қызметінен зейнеттік жасқа толуына байланысты кеткен. Президент шенеунікті қызметінен босату туралы үкімге қол қойды.

    Жақыпов 1959 жылы жетінші қазанда ШҚО-дағы Самар кентінде дүниеге келген. Ол қазақ және орыс тілдерін жетік біледі. Оған қоса, "заңгер" мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

    Өз еңбек жолын ол осыдан 39 жыл бұрын бастаған.

    1981 жылдың қазанынан 1995 жылдың қарашасы аралығында прокуратура органдарында жұмыс істеген.

    1995 жылдың қарашасынан 1997 жылдың қарашасы аралығында Шығыс Қазақстан облысы бойынша МТК-да жұмыс істеген.

    1998 жылдың наурызынан 1999 жылдың қазаны аралығында – Шығыс Қазақстан облысы ІІБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары.

    1999 жылдың қазанынан 2002 жылдың шілдесіне дейін – Шығыс Қазақстан облысының ҚІІБ-ның Өскемен қаласы ІІБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары.

    2002 жылдың шілдесінен 2003 жылдың мамырына дейін Ақмола облысы ҚІІБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары.

    2003 жылдың мамырынан 2006 жылдың ақпанына дейін – көліктегі Оңтүстік-Шығыс ІІБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары.

    2006 жылдың ақпанынан 2010 жылдың қарашасына дейін – Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары.

    2010 жылдың қарашасынан 2011 жылдың шілдесіне дейін – Шығыс Қазақстан облысы ІІД бастығының орынбасары.

    2011 жылдың шілдесінен 2014 жылдың қыркүйегіне дейін - Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы.

    2014 жылдың 29 қыркүйегінен осы уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.