jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Фото
    Фото: Алматы облысы әкімдігіңн баспасөз қызметі

    Алматы облысы әкімінің өкімімен Рустам Әли облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    "Алматы облысы әкімінің өкімімен Рустам Әли облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Рустам Әли 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін шығыстану мамандығы бойынша (бакалавр, магистратура, докторантура), І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген. Философия докторы (PhD). Бірқатар ғылыми зерттеу кітаптарының авторы және бірлескен авторы.

    Еңбек жолын Алматы қаласында «Деловая неделя» газетінің тілшісі болып бастаған. Кейін Centralasiaonlaine.com сайтында фрилансер, «Каспий» Орта Азия мен Кавказдағы этномәдени және геосаяси зерттеулер журналының Қазақстандағы ресми өкілі, «Деловая неделя» газетінің халықаралық бөлімінің редакторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің оқытушысы, «Деловая неделя» газеті бас редакторының орынбасары, Талдықорғандағы «Жетісу жастары» МҚКК директоры, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың журналистика кафедрасының оқытушысы, Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы, «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының» Алматы облысы бойынша филиалының оқытушысы болды. 2016 жылдың мамырынан – Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы.

    Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.