jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодар облысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

    Біржан Досмайылов
    Фото: Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі

    Павлодар облысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті. Біржан Досмайылов бұл лауазымды орынға 2020 жылдың наурыз айында тағайындалған болатын. Ол кезде елімізде коронавирус пандемиясының шарықтау шегі орын алған еді. Бүгін шенеуніктің қызметінен өз еркімен кеткені туралы беогілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Біржан Досмайылов өзінің еңбек жолын Шу қаласындағы ауруханада хирург қызметінен бастады.

    Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болмай тұрып, ол Ғылыми-зерттеу институтының травмотология мен ортопедия бөлімінде түрлі қызметте болып көрді. Оған қоса, Нұр-Сұлтанда аурухана директоры мен орынбасары ретінде еңбек етті.

    Павлодар облысының бас дәрігері болып тағайындалған бойда Біржан Досмайыловқа коронавирус инфекциясына қатысты жағдайды тұрақтандыру міндеті жүктелді.

    Белгілі болғандай, ковид-пневмонияның шарықтау шегі кезінде шенеунік те ауырып шыққан.

    Алайда, айта кетерлігі, Біржан Досмайылов облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығынан өз еркімен кеткен,

    Соңғы айда ол өңірде C0VID-19 екінші толқынына қызу дайындықты жүргізген болатын. Облыс әкімінің баспасөз қызметі басқарма жетекшісінің қызметін уақытша оның орынбасары Айдар Ситқазинов атқаратынын мәлімдеді.

    Айта кетейік, бүгін Павлодар облысында ҚАЖД-ға жаңа басшы тағайындалғаны белгілі болды. Лауазымды қызметке 49 жастағы Әділет Мұстафинов келді. Құзырлы органның жаңа басшысын әкімдіктің аппарат отырысында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов таныстырды.

    Павлодар облысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.