jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Жамбыл облысының экономикалық тергеу департаментіне жаңа жетекші тағайындалды

    Қайрат Бектембаев
    Фото: t.me/afm_rk

    Жамбыл облысының экономикалық тергеу департаментінде жетекші ауысты. Басшылық қызметке Қайрат Бектембаев тағайындалды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі өзінің ресми Telegram-каналында хабарлады.

    "Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасы Жанат Элимановтың бұйрығымен Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің жетекшісі болып Бектембаев Қайрат Сәлімұлы тағайындалды", - делінген қаржылық монитринг департамент хабарламасында.

    Агенттіктің ақпаратынша, Қайрат Сәлімұлы еңбек жолын 1991 жылы бастаған. Ол 25 жылдан астам уақыт бойы мемлекеттік кіріс пен қаржылық полиция органдарында қызмет етті.

    2019-2020 жылдар аралығында Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің жетекшісі болып жұмыс істеді. Ал 2021 жылдың наурыз айынан бастап Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті жетекшісінің орынбасары қызметінде болды.

    Жамбыл облысының экономикалық тергеу департаментіне жаңа жетекші тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.