jitsu gif
Саясат

    Қызылорда облысы Шиелі ауданына жаңа әкім тағайындалды

    Нариман Мақұлбеков
    Нариман Мақұлбеков. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі тағайындалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Президентінің әкімшілігі мен Шиелі аудандық мәслихатының келісімімен аталған қызметке Нариман Әскербекұлы Мақұлбеков келді.

    Нариман Әскербекұлы 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1986 жылы Қызылорда қаласындағы автобазада слесарь ретінде бастаған.

    1987-1994 жылдары Қарулы күш қатарында әскери борышын өтеп, жоғары оқу орнында студент болған.

    1994-2017 жылдары құқық қорғау органдарында, соның ішінде Қызылорда қалалық прокуратурасының тергеуші стажерінен облыс прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның департамент бастығына дейінгі қызмет сатысынан өткен.

    2018-2020 жеке секторда "Jfc colos" ЖШС директорының кеңесшісі лауазымын атқарған.

    2020 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.