jitsu gif
Саясат

    Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа басшы тағайындалды

    Сәкен Исабеков
    Фото: inbusiness.kz

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Сәкен Исабеков Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылып, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды";

    "Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалсын", - делінген ресми құжатта.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Кәрім Мәсімовтің ҰҚК басшысы қызметінен босатылып, орнына Ермек Сағымбаевтың тағайындалғаны туралы хабарлаған едік.

    Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа басшы тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.