jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Самат Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды

    Самат Әбіш
    Самат Әбіш. Фото: ҰҚК-нің ресми сайтынан алынды

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті келіп түскен сұрауларға байланысты жауап бере отырып, Самат Әбіштің өз қызметінде екенін яғни оның жылсайынғы еңбек демалысында екенін хабарлаған болатын.

    Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып, 2015 жылдың желтоқсан айында тағайындалған еді.

    Самат Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.