Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК: Самат Әбіш жылсайынғы еңбек демалысында

Опубликовано:

Самат Әбіш
Самат Әбіш. Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбіштің қазіргі уақытта бұрынғы лауазымын атқарып жатқанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Келіп түскен сұрауларға сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш өз қызметінде екенін хабарлаймыз.
Қазіргі уақытта ол жылсайынғы демалысында", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 6 қаңтар күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы болған Кәрім Мәсімовтің қызметінен кеткенін хабарлаған едік.

Кейіннен БАҚ беттерінде Мәсімовтің ұсталып, тергеу изоляторына тоғытылғаны хабарланды. Оған мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылуда.

Ал кеше Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасарлары ұсталғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951103-uqk-samat-abis-zylsaiyngy-demalysynda/

pixel