jitsu gif
Саясат

    Серікбай Трұмов cенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып сайланды

    Депутат
    Фото: mangystau.gov.kz

    Парламент сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып Серікбай Трұмов сайланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Парламенті сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып Трұмов Серікбай Өтелгенұлы сайланды.

    Айта кетсек, бұған дейін сенат төрағасының орынбасары болып Ольга Припичина сайланған еді.

    Серікбай Трұмов 1964 жылы 3 маусымда дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірген.

    Еңбек жолын 1981 жылы "Маңғышлақ селолық құрылыс - 12" трестінде ІІ дәрежелі бетоншы болып бастаған.

    Әр жылдары Түпқараған ауданының әкімі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Жаңаөзен қаласының әкімі, Ақтау қаласының әкімі, Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы қызметтерін атқарған.

    2019-2021 жылдары Маңғыстау облысының әкімі болды.

    2021 жылғы 10 қыркүйекте президент жарлығымен парламент сенатының депутаты болып сайланды.

    2010 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен, 2016 жылы "Құрмет" орденімен наградталды.

    Серікбай Трұмов cенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып сайланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.