jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Қайрат Дәлбеков Шымкент полициясының бастығы болып тағайындалды

    Қайрат Дәлбеков
    Фото: gov.kz

    Шымкент полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды. Бұл туралы Қайрат Дәлбеков хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Бұған дейін Қайрат Дәлбеков Түркістан облысының ПД басшысы болған. Енді ол Ералы Жұмаханбетовтың орнына келді.

    Генерал-майор 1963 жылы 1 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

    Ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 1989 жылы ИЧ-167/1 кәсіпорнының жедел бөлімінің қызметкері лауазымынан бастады.

    1991 жылдан 2009 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

    Кейін Мақтаарал ауданы ІІБ бастығы және Оңтүстік Қазақстан облысы ІІБ бастығының орынбасары болды. 2013-2017 жылдары Маңғыстау облысының ІІД басқарды.

    2017-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД бастығы болып жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Түркістан облысының полиция департаментін басқарды.

    Қайрат Дәлбеков Шымкент полициясының бастығы болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.