jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ерлан Тұрғымбаев президенттің кеңесшісі лауазымынан босатылды

    Ерлан Тұрғымбаев
    Ерлан Тұрғымбаев. Фото: gov.kz

    Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Ерлан Тұрғымбаев президенттің кеңесшісі лауазымына биылғы жылдың ақпан айында тағайындалған еді.

    Оған дейін еліміздің Ішкі істер министрлігін басқарды.

    Одан бөлек Ішкі істер министрлігі Тоғызыншы департаментінің бастығы, ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бөлім бастығы, бастығы, ІІМ Тергеу комитетінің бастығы, Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы, Ішкі істер министрінің орынбасары сынды лауазымды қызметтер атқарған.

    ІІ дәрежелі "Айбын" орденінің, І дәрежелі "Қайсар" белгісінің, І және II дәрежелі "Даңқ" орденінің иегері.

    Ерлан Тұрғымбаев президенттің кеңесшісі лауазымынан босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.