jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ІІМ-нің облыстық полиция департаменттерінде кадрлық ауыс-түйіс болды

    ІІМ кеңесі
    ІІМ кеңесі. Фото: polisia.kz

    Ішкі істер министрлігінің бірқатар полиция департаментінде кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Медиа порталдың жазуынша, Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары болып Фархад Омаров тағайындалған.

    Ол бұған дейін ІІМ Тергеу департаментінің Аналитикалық жұмыс және алдын ала тергеу басқармасының бастығы болған.

    Сондай-ақ, Дәурен Ибраев Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалған. Жаңа қызметіне дейін ол Қызылорда облысы ПД бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.

    Бұдан бөлек Қайрат Әбдіғалиев Семей қаласы полиция басқармасының бастығы қызметіне келген. Полиция полковнигі бұған дейін ШҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы бастығы болған.

    ІІМ-нің облыстық полиция департаменттерінде кадрлық ауыс-түйіс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.