jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Талғат Уәли Әділет министрлігінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

    Талғат Уәли
    Талғат Уәли. Фото: gov.kz

    Әділет министрлігінің ресми өкілі - баспасөз хатшысы болып Талғат Уәли тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

    Талғат Қанатұлы Уәли 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген.

    2009 жылы "Қайнар" Семей университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2010 жылы Семей қалалық ТВК-6 телеарнасының журналисі болып бастаған.

    2011 жылы "Qazaqstan" РТРК Семей филиалында жетекші редактор.

    2012 жылы "ЭРА" телекомпаниясы" ЖШС (7 арна) жаңалықтар қызметінде журналист болған.

    2015 жылы "Хабар" Агенттігі" АҚ жаңалықтар қызметінде журналист.

    2016 жылдан бастап Atameken Business Channel телеарнасының Жаңалықтар қызметінде президенттік пулдың арнайы корреспонденті, тележүргізушісі және журналисі болған.

    Сондай-ақ Төтенше жағдайлар мимнистрлігінің ресми өкілі болып қызмет істеген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.