jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Дархан Сатыбалды Түркістан облысы Жетісай ауданының жаңа әкімін таныстырды

    Серік Мамытов
    Серік Мамытов. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

    Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімі болып Мамытов Серік Үсенұлы тағайындалды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігі ресми сайтында.

    Жаңа әкімді ауданның активіне облыс әкімі Дархан Сатыбалды таныстырған.

    Серік Мамытов Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары.

    2013 жылы Лимкоквинг креативті технологиялар университетін "Халықаралық экономика" мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2015 жылы Ұлттық экономика министрлігінің "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының Кәсіпкерлікті дамыту орталығы бөлімінің маманы болып бастаған.

    2015-2018 жылдары "КазФинСтаф" ЖШС консультанты, "Астана ЭКСПО-2017" "ҰК" Акционерлік қоғамының жиынтық-талдау департаментінің менеджері, Ұйымдастыру-бақылау департаментінің менеджері, "Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамының фронт-офисінің талдаушысы қызметтерін атқарған.

    2018-2019 жылдары "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы департаментінің бас менеджері.

    2019-2020 жылдары "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамының Өнеркәсіптік жобалар тобы департаментінің директоры, басқарушы директоры.

    2020-2021 жылдары Алматы қаласы әкімдігінің "Qolday" кәсіпкерлікті қолдау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары, бас директордың бірінші орынбасары.

    2021 жылдың қыркүйек – желтоқсан айлары аралығында "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аймақтық директоры – қаржы институттарымен жұмыс жөніндегі үйлестірушісі.

    2022 жылғы қаңтар – мамыр айлары аралығында Сауда және интеграция министрінің көмекшісі, премьер-министрі кеңсесінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің бас консультанты болған.

    2022 жылдың мамыр айынан бастап жаңа қызметіне дейін үкімет аппаратының өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарған.

    Дархан Сатыбалды Түркістан облысы Жетісай ауданының жаңа әкімін таныстырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.