jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Ербол Тасжүреков Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

    Ербол Тасжүреков
    Ербол Тасжүреков. Фото: facebook.com/yerbol.taszhurekov

    Үкімет қаулысымен Ербол Қуанышұлы Тасжүреков Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

    Ербол Тасжуреков 1979 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.

    М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Х.А. Ясауи атындағы Мемлекеттік халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін бітірген.

    Еңбек жолын 1998 жылы жеке меншік компанияда менеджер болып бастаған.

    Әр жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

    2007 – 2013 жылдары – Астана қаласы Алматы аудандық сотында қызмет еткен.

    2013 – 2014 – жылдары Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Кәсіпкерлік қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру басқармасының басшысы, Өңірлерге мониторинг жүргізу және бағалау департаменті Өңірлерге мониторинг жүргізу және бағалау басқармасының басшысы.

    2014 – 2016 жылдары – Ұлттық экономика министрлігі Өңіраралық ынтымақтастық, өңірлерді талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары, Өңірлік саясат, өңірлерді талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары.

    2016 – 2018 жылдары – Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары.

    2018 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

    2018 – 2019 жылдары – Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

    2019 жылғы сәуірден 2021 жылғы маусымға дейін "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі болған.

    Ербол Тасжүреков Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.