jitsu gif
Саясат

    Саясат Нұрбек пен Юрий Ильин де министр қызметінде қалды

    Саясат Нұрбек
    Саясат Нұрбек. Фото: t.me/mazhilis_kz

    Еліміздің Төтенше жағдайлар сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлері тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

    Мемлекет басшысының жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі лауазымына, Саясат Нұрбек Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды.

    Айта кетейік, Юрий Ильин де, Саясат Нұрбек те аталмыш ведомстволарды бұған дейін басқарған болатын.

    Юрий Ильин Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі болып 2020 жылғы 11 қыркүйекте тағайындалған еді. Ол 2021 жылғы 18 қаңтарда және 2022 жылғы 11 қаңтарда Төтенше жағдайлар министрі болып қайта тағайындалды.

    Ал Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі болып 2022 жылғы 11 маусымда тағайындалған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.