Семей әкімі Нұрбол Нұрсағатов қанша жалақы алатынын айтты
Опубликовано:

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов журналист Асхат Ниязовқа берген сұхбатында жалақысының мөлшерін айтты. Олардың әңгімесінің видеосы "Обожаю" YouTube арнасында жарияланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Асхат Ниязов бұл шығарылым Абай облысының құрылуының және Семейдің облыс орталығы мәртебесін алуының мерейтойына арналғанын атап өтті. Журналист жыл бойы атқарылған жұмыстарға қатысты сауал қойып, әкімнен жалақысының қанша екенін сұрады.
"Бәрінікі секілді қолыма алатыным 930 мың теңге. Жетеді. Әйелім де жұмыс істейді. Әйелім қазір Астанада жекеменшік мекемеде жұмыс істейді, жақында Семейге көшіп келеді. Біз жалдамалы пәтерде тұрғанбыз, ештеңе болған жоқ. Қазір де әкімдік берген жалға алынған қызметтік пәтерде тұрамын", – деді Нұрбол Нұрсағатов.
Еске салайық, Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының әкімі болып 2022 жылдың қазан айында тағайындалған болатын.
Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол институтын бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінде жұмыс істеді.
2008 – 2011 жылдары — Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылдың шілде айында – Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2022 жылдың қазан айында – Семей қаласы әкімі болып тағайындалды.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2023982-semei-qalasynyn-akimi-nurbol-nursagatov-qansa-zalaqy-alatynyn-aitty/