jitsu gif
Саясат

    Аружан Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды

    Аружан Саин
    Аружан Саин . Фото: bala-ombudsman.kz

    Аружан Саин еліміздегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

    Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми сайтындағы мәлімет бойынша Аружан Саин 1976 жылы 10 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

    1993 жылы Алматы қаласындағы №138 қазақ гимназиясын бітірген.

    1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті география факультетінің экология және мониторинг кафедрасын тәмәмдаған.

    1994 жылы "Аружан және Компания" продюсерлік орталығын ашқан.

    2006 жылдың сәуірінде "Добровольное общество "Милосердие" қайырымдылық қорын құрған.

    2019 жылдың 18 шілдесінен бастап бүгінге дейін Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.