jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Светлана Жақыпова жаңа қызметке тағайындалды

    Светлана Жақыпова
    Светлана Жақыпова. Фото: primeminister.kz

    Светлана Жақыпова президент жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.

    "Параграф" ақпараттық жүйесінің мәліметінше, Светлана Жақыпова 1991 жылы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын, 2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.

    Еңбек жолын бастаушы мектепте ұзартылған күн тобының тәрбиешісі және бастауыш сыныптардың мұғалімі болып бастаған. Кейін орта мектепте математикадан сабақ берген.

    1997-1998 жылдары – "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМҚК-ның Ақмола қалалық бөлімінің операциялық есеп жүргізу бөлімінің бас маманы, аға маманы болған.

    Кейін әр жылдары келесі қызметтерді атқарған:

    • "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМҚК-ның Ақмола (Астана) қалалық филиалының экономикалық талдау бөлімінің бас маманы, бастығы, директорының орынбасары;
    • "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМҚК-ның Ақмола облыстық филиалының директоры;
    • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры;
    • "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Жобалау кеңсесінің бағдарламалар жетекшісі;
    • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

    2014 жылғы 13 тамызда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары болып тағайындалды. Светлана Жақыпова бұл қызметте 2017 жылдың қаңтарына дейін жұмыс істеді.

    2017 жылы ол қайтадан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды. Бұл қызметтен ол 2019 жылдың 26 ​​қыркүйегінде босатылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.