jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Арман Жүдебаев Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды

    Арман Жүдебаев
    Арман Жүдебаев. Фото: t.me/KZgovernment

    Арман Жүдебаев Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасы хабарлады.

    "Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Арман Әділханұлы Жүдебаев Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды", – делінген хабарламада.

    Премьер-министрдің ресми сайтындағы мәлімет бойынша Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

    Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2006 жылы "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi" РМҚК-да аспаптар оркестрінің әртісі болып бастаған.

    2009 — 2011 жылдары — "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi" РММ дирижерлеу кафедрасында оқытушы;

    2011 — 2013 жылдары — "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi" РММ оқытушысы, аға оқытушысы;

    2013 — 2018 жылдары — "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi" РММ бас дирижері;

    2018 — 2023 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болды.

    2023 жылы мамыр айында Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалған болатын.

    Арман Жүдебаев Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.