jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстан Қарулы күштерінің тыл бастығы лауазымына жаңа басшы тағайындалды

    Арман Мансұров
    Арман Мансұров. Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

    Арман Мансұров Қазақстан Қарулы күштерінің тыл бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қазақстан президенті әкімшілігінің келісімі бойынша полковник Арман Мансұров ҚР Қарулы күштерінің тыл бастығы болып тағайындалды.

    Арман Нұрланұлы – Петропавл жоғары әскери училищесінің түлегі. 2010 жылы Санкт-Петербургтегі армия генералы Хрулев атындағы Тыл және көлік әскери академиясын және 2018 жылы Мәскеудегі Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірді. Батальонның әскери-шаруашылық жабдықтарының бастығы, полк қызметінің бастығы, құраманың бастығы, полк және бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары, "Шығыс" және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылықтары қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

    Арман Мансұров Қарулы күштердің Тыл бастығы лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары болған.

    Қазақстан Қарулы күштерінің тыл бастығы лауазымына жаңа басшы тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.