jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды

    Қуаныш Ерғалиев
    Қуаныш Ерғалиев. Фото: t.me/KZgovernment

    Үкімет қаулысымен ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев қызметінен босатылды. Бұл туралы үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

    "Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

    Ведомствода Қуаныш Ерғалиев министрлікте жоғары білім және ғылым мәселелеріне жетекшілік ететіні атап өтілді.

    Primeminister.kz ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

    2006 жылы С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ университетін тәмамдаған.

    2009 жылы АҚШ-тағы Тулейн университетінде магистр дәрежесін алды.

    2019 жылы Гарвардтың Т. Х. Чан атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау докторы дәрежесін алды.

    2006 жылы еңбек жолын денсаулық сақтау жүйесінен бастады.

    2010 жылдан 2014 жылға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде әртүрлі қызметтерде, соның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет етті.

    2014-2019 жылы Назарбаев Университетінде жұмыс істеген.

    2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Сүлейман Демирел атындағы (СДУ) университет ректоры болды.

    Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.