jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Түркістан облысының Сауран ауданына жаңа әкім тағайындалды

    Мақсат Таңғатаров пен Дархан Сатыбалды
    Мақсат Таңғатаров пен Дархан Сатыбалды. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

    Мақсат Таңғатаров Түркістан облысы Сауран ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімдігі ресми сайтында.

    "Қазақстан президенті әкімшілігінің және аудандық мәслиxаттың келісімімен, Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен меритократия қағидатына сәйкес, Сауран ауданының әкімі болып Таңғатаров Мақсат Асылбекұлы тағайындалды.

    Ауданды бұған дейін басқарған Ғалымжан Үсенбаев өз өтініші негізінде жұмысынан босатылды. Аймақ басшысы ауданның дамуына үлесін қосқан Ғалымжан Үсенбаевқа алғыс білдіріп, жаңа бастамаларына сәттілік тіледі", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ Дархан Сатыбалды аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, алдағы мақсат-міндеттерін айқындап берген.

    Мақсат Таңғатаров 1981 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі.

    "Экономика" және "құқықтану" мамандықтарын меңгерген. Еңбек жолын 2003 жылы Түркістан қалалық білім бөлімінде есепші болып бастаған.

    2012-2017 жылдары Түркістан қалалық әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы, 2017-2019 жылдары Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болған. 2019-2021 жылдар аралығында Түркістан қаласы әкімдігінің туризм бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде басшылық қызметтер атқарған.

    Сондай-ақ 2021-2023 жылдары Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы болған.

    2023 жылғы шілдеден осы тағайындауға дейін Сауран ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

    Түркістан облысының Сауран ауданына жаңа әкім тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.