jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Роман Скляр Қазақстан премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымына қайта тағайындалды

    Роман Скляр
    Роман Скляр. Фото: primeminister.kz

    Роман Васильевич Скляр премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымында қалды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

    "Мемлекет басшысының жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Роман Васильевич Скляр 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.

    Павлодар мемлекеттік университетін "Инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын "Экономист" мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1989 жылы "Экибастузуглеавтоматика" монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.

    1989-1990 жылдары – "Казпромтехмонтаж" шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы.

    1990 жылы – "Вахинвест" бірлескен кеңес-батыс-герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері.

    1990-1999 жылдары – "Ансат-Павлодар" ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директор.

    1999-2002 жылдары – "Тыныс" ЖШС директоры.

    2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дәрменсіз қарызгерлермен жұмыс комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы.

    2003-2005 жылдары – Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы.

    2005 жылғы қантардан бастап – Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы.

    2005 жылғы сәуірден бастап – Павлодар облысының әкімі Аппаратының басшысы.

    2006 жылы – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.

    2006-2007 жылдары – Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі.

    2007-2008 жылдары – Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.

    2008-2010 жылдары – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

    2010-2011 жылдары – Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

    2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация вице-министрі.

    2014-2016 жылдары – "Қазақстан Темір Жолы" АҚ вице-президенті.

    2016 жылы – Қазақстан Республикасы мәжілісінің депутаты, ҚР парламенті мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

    2016 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.

    2016-2019 жылдары — инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

    2019 жылғы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

    2019 жылғы 18 қыркүйекте президент жарлығымен премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылғы 18 қаңтарда президент жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.

    2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болды және 2023 жылғы 3 сәуірде бұл лауазымға қайта тағайындалды.

    2024 жылғы 5 ақпанда президент жарлығымен ҚР премьер-министрінің міндеттерін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

    Роман Скляр Қазақстан премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымына қайта тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.