jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Марат Кәрімжанұлы көлік министрі лауазымына тағайындалды

    Марат Кәрімжанұлы
    Марат Кәрімжанұлы. Фото: primeminister.kz

    Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының көлік министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының көлік министрі лауазымына тағайындалды", - деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, Марат Қарабаев 1987 жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында туған.

    • Ташкент автомобиль жолы институтын, Уорвик университетін (Ұлыбритания), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. 
    • Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің Су шаруашылығы имараттарының желілерін пайдалану және дамыту басқармасы сарапшысының м.а. ретінде бастады; 
    • 2011 жылдан 2013 жыл аралығында  — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті Сервистік индустрияны технологиялық дамыту басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы;
    • 2014-2015 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары;
    • 2015-2017 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысының орынбасары, басшысы;
    • 2018-2019 жылдары — ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінде басшылық қызметтер атқарды;
    • 2019 жылғы тамыздан 2020 жылғы шілде аралығында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды;
    • 2020 жылғы шілдеден 2021 жылғы қаңтарға дейін Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
    • 2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді;
    • 2021 жылғы 7 шілдеде ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды;
    • 2023 жылғы 4 қаңтарда мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды;
    • 2023 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
    • 2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының көлік министрі болып тағайындалды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram