jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Айбол Арғынғазинов Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына бас директор болып тағайындалды

    Айбол Арғынғазинов
    Айбол Арғынғазинов. Фото: gov.kz

    Айбол Арғынғазинов "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Айбол Арғынғазинов Жетісу облысында дүниеге келген, президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

    Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультетін, "Жоғарғы экономика мектебі" Ұлттық зерттеу университетінің (Мәскеу қаласы) экономика ғылымдары факультетін тәмамдаған.

    Еңбек жолын ҚР Ұлттық экономика министрлігінде сарапшы болып бастаған, әр жылдары "Қазконтент" АҚ бөлім басшысы, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ талдау және әлемдік экономика орталығының директоры, ҚР ұлттық экономика министрінің кеңесшісі, Президент әкімшілігі басшысы хатшылығының сектор меңгерушісі болған.

    2022 жылдан Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры болып еңбек етті.

    Айбол Арғынғазинов Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына бас директор болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.