jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Қанат Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды

    Қанат Нұров
    Қанат Нұров. Фото: Facebook / Канат Ильич Нуров

    Қанат Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Ілияұлы Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды", - делінген хабарда.

    Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Манарбекұлы Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды.

    "Юрист" ақпараты бойынша, Қанат Нұров 1967 жылы Алматыда дүниеге келген. 1992 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) "Тарих" мамандығы бойынша бітірген. Кітаптар мен түрлі мақалалардың авторы.

    • 2000 жылдан 2006 жылға дейін – "Қазақтелеком" АҚ вице-президенті, бас қаржы директоры.
    • 2006 жылдан 2007 жылға дейін – "Казкоммерцбанк" АҚ басқарушы директоры.
    • 2021 жылға дейін – "Plankion Group" және "Аспандау" ғылыми-білім беру қорының президенті.
    • 2021 жылдан 2023 жылға дейін – жетінші шақырылымдағы мәжіліс депутаты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.