jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қадыров жиенін Шешенстанның көлік министрі етіп тағайындады

    Рамзан Қадыров
    Рамзан Қадыров. Фото: Yelena Afonina\TASS via Getty Images

    Рамзан Қадыровтың әпкесінің ұлы Адам Черхигов Шешенстанның көлік, коммуникация және цифрлық даму министрі болып тағайындалды. Бұл жаңалықты Қадыров Telegram-дағы арнасында жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Жас болғанына қарамастан, Адамның басшылық қызметтерде мол тәжірибесі және министрлік алдында тұрған міндеттерді нәтижелі орындауға қажет кәсіби дағдылары бар", - деп жазды Шешенстан басшысы.

    Бұған дейін Көлік және коммуникация министрлігін Рамзан Черхигов басқарған. Адам Черхигов жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Шешенстан үкіметіндегі мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі комитеттің төрағасы болған.

    РБК мәліметінше, Адам Черхигов – Шешенстан басшысының әпкесі Зарған Қадырова мен Адам Черхиговтың ұлы.

    Еске салайық, бұған дейін Рамзан Қадыровтың үлкен ұлы 18 жастағы Ахмат Қадыров Шешенстанның спорт министрі болып тағайындалғаны белгілі болған еді.

    Қадыров жиенін Шешенстанның көлік министрі етіп тағайындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.