jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Құдайберген Арымбек энергетика вице-министрі болып тағайындалды

    Құдайберген Арымбек
    Құдайберген Арымбек. Фото: primeminister.kz

    Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Құдайберген Арымбек энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Құдайберген Арымбек 1987 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетін бітірген.

    Еңбек жолын 2011 жылы Маңғыстау облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы болып бастаған.

    • 2012-2014 жылдары ҚР Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешені мемлекеттік инспекциялау комитетіндегі басқармада сарапшы, бас сарапшы қызметтерін атқарған.
    • 2014-2021 жылдары ҚР Энергетика министрлігінде бас сарапшы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары болды.

    2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінде департамент директоры қызметін атқарған.

    Құдайберген Арымбек энергетика вице-министрі болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.