jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасарын тағайындады

    Әли Алтынбаев
    Әли Алтынбаев. Фото: gov.kz

    Мемлекет басшысының өкімімен Әли Алтынбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл жөнінде Ақордаға сілтема жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Әли Алтынбаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

    Мамандығы бойынша біліктілігі: бухгалтерлік есеп және аудит, құқықтану, мемлекеттік және муниципалды басқару магистрі. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Тұран университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

    2001-2020 жылдары – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің атқарушы және басшылық лауазымдарында, кейін ҚР ҚМА Экономикалық тергеу департаментінің басшылық лауазымдарында қызмет атқарды.

    2021-2022 жылдары – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болды.

    2022 жылдың маусымынан бастап ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

    Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасарын тағайындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.