jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Серік Ерубаев мәжілістің жаңа депутаты болды

    Серік Ерубаев
    Серік Ерубаев. Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

    Серік Ерубаев мәжілістің жаңа депутаты болып сайланды. Бұл туралы мәжілістің Telegram-дағы арнасында хабарланды.

    Серік Ерубаев – мәжілістегі "Ақ жол" партиясы фракциясының мүшесі. Бүгін жалпы отырыста ол мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды.

    Айта кетсек, 24 қыркүйекте "Ақ жол" партиясында Асқар Садықовтың орнына жаңа депутат таңдағаны белгілі блған еді. Партия төрағасы Азат Перуашевтің айтуынша, Ұлттық кеңес пленумы Серік Ерубаевты "Ақ жол" демократиялық партиясы атырнан мәжіліс депутаты ретінде таңдау туралы шешім қабылдаған.

    Серік Ерубаев 1968 жылы 16 қыркүйекте Атырауда өмірге келген. Ол Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген.

    Ол – "Атырау Констракшн Сервисез ЛТД" ЖШС бас директоры. 2010-2015 жылдар аралығында Қазақстан таеквандо федерациясының вице-президенті болған.

    Еске салайық, 29 тамызда Асқар Садықов "Ақ жол" партиясынан шығарылып, мәжіліс депутатының өкілеттігінен айырылғаны белгілі болды.

    Көп ұзамай Азат Перуашев мұндай шешімге "Садықовтың депутат мәртебесіне жол берілмейтін іс-әрекеттер жасауы" себеп болғанын айтты.

    Артынша Асқар Садықов әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялап, өзіне қатысты айыптауларға жауап берді. Ол партия басшылығынан өзін лас ойынға араластырмауды сұрады.

    Серік Ерубаев мәжілістің жаңа депутаты болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.