jitsu gif
Саясат

    Кеген Тұрсынбаев төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды

    Кеген Тұрсынбаев
    Кеген Тұрсынбаев. Фото: primeminister.kz

    Үкімет қаулысымен Кеген Ахметұлы Тұрсынбаев төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Үкіметтің ресми сайтындағы мәліметі бойынша Кеген Ахметұлы Тұрсынбаев 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ленин комсомолы атындағы екі мәрте Қызыл Тулы Рязань жоғары әуе десанттық командалық училищесін, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін, Ресей резиденті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

    Әр жылдары Республикалық ұланы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарында қызмет еткен.

    2020-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

    2021-2022 жылдары – Президент Іс басқармасының бөлім бастығы.

    2022-2024 жылдары Ішкі істер министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды. 

    2024 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы болған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.