jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

    Мейрам Әбікеев
    Мейрам Әбікеев. Фото: polisia.kz

    Ішкі істер министрі Алматы облысы полиция департаментінің басшылығымен жедел кеңес өткізді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ішкі істер министрі Ержан Саденов жедел кеңесте жеке құрамға полиция департаментінің жаңа басшысын таныстырды.

    "Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық полиция департаментінің бастығы болып Мейрам Әбікеев тағайындалды. Полиция полковнигі бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығының орынбасары болған", - делінген Ішкі Істер министрлігінің хабарламасында.

    Облыстық департамент бастығының бірінші орынбасары болып Бағдат Әшімов тағайындалды.

    Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің ақпараты бойынша, Мейрам Әбікеев қызметін 1989 жылы Қарағанды қ. Киров аудандық атқарушы комитетінің ішкі істер бөлімі жанындағы ІІБ-де милицияның моторландырылған взводында милиционер болып бастаған.

    1990 ж. қазан – 1992 ж. наурыз – КСРО ІІМ Түмен жоғары мектебінің тыңдаушысы;

    1992 ж. наурыз – 1994 ж. мамыр – ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің тыңдаушысы;

    1994 ж. маусым – 2002 ж. ақпан – Қарағанды облысының бөліністерінде тергеуші, жедел кезекші, жедел уәкіл, аға жедел уәкіл болып жұмыс істеген;

    2002 ж. ақпан – 2012 ж. шілде – көліктегі ІІБ-де, Ақмола облысының ҚІІБ, ІІД-де басшылық қызметтерде болған;

    2012 ж. шілде – 2014 ж. қараша – Қазақстан Республикасы экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі (қаржы полициясы) Агенттіктің Павлодар, Қостанай облыстарындағы департаменттердің басшылық қызметтерін атқарған;

    2014 ж. қараша – 2020 ж. маусым – ҚР есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі департаментінде, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында басшылық қызметтерде болған;

    2020 ж. маусым – 2022 ж. шілде – ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің бөліністерінде басшылық қызметтерде болды;

    2022 ж. шілде – 2024 ж. мамыр – Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары;

    2024 ж. мамырдан бастап – СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары.

    Алматы облысы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.