jitsu gif
Саясат

    Алматы облысында бірқатар жоғары лауазымды полицейлер қызметінен босатылды

    Полицей. Көрнекі фото
    Полицей. Көрнекі фото: СҚО ПД

    Алматы облысының полиция департаментінде кадрлық өзгерістер болды. Ішкі істер министрлігінің басшысы басшылық құраммен жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ішкі істер министрлігі басшысының бұйрығымен:

    • Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров;
    • Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы Нұржан Күнтүнов;
    • Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ұлан Байтақов;
    • Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов;
    • Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр және оның орынбасары Жанат Омаров лауазымдарынан босатылды.

    Еске салсақ, бұған дейін Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық полиция департаментінің бастығы болып Мейрам Әбікеев тағайындалғанын хабарлаған едік. Полиция полковнигі бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығының орынбасары болған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.