jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    ҰҚК басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

    ҰҚК эмблемасы
    ҰҚК эмблемасы. Фото: gov.kz

    Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығында кадрлық өзгерістер болды. Мемлекет басшысы ведомство төрағасының жаңа орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Қанатай Жорабекұлы Далматов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, соңғы бір айда Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінде маңызды өзгерістер болды.

    16 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызмет басшысы Руслан Сейсембаевты қызметінен босатты, ал Асқар Әмерханов та сол күні Комитет басшысының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен кетті.

    Әли Алтынбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бірнеше күннен кейін Бақытбек Рахымбердиев Комитет төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметтің басшысы болды.

    ҰҚК басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.