jitsu gif
Саясат

    Ішкі істер министрлігінде жаңа департамент құрылды

    полиция қызметкерлері
    Полиция қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ішкі істер министрлігінде киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

    Полиция ақпаратынша, бұл бастама азаматтарды заманауи қауіп – киберқылмыстан қорғауға бағытталған. Департамент киберқылмыстарды анықтаумен және ашумен, олармен күресте стратегиялық қадамдарды әзірлеумен айналысатын болады.

    "Технологиялардың қарқынды дамуы және интернет-қатерлер санының артуына байланысты мамандандырылған арнайы бөлініс құру қазіргі заманауи қауіпке неғұрлым тиімді жауап беруге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов.

    ІІМ басшысы жеке құрамға жаңа департамент бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбайды таныстырды.

    Ішкі істер министрлігінде жаңа департамент құрылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.