jitsu gif
Саясат

    Талғардағы Шерзат Болат қазасынан кейінгі кадрлық ауыс-түйіс: қала әкімінің орынбасары тағайындалды

    Бауыржан Байбатыров
    Бауыржан Байбатыров. Фото: instagram.com/akimat_gorod_talgar

    Талғар қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Бауыржан Ынтымақұлы Байбатыров тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігі Instagram-дағы арнасында хабарлады.

    Бауыржан Байбатыров 1987 жылы 29 қазанда өмірге келген. Орталық Азия университетін, "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

    Жалпы мемлекеттік қызметте 8 жылдан астам уақыт жұмыс істеген.

    2014 жылы Бөлек ауылдық округінің әкімдігінде жетекші маманнан бастап, бас маман лауазымына дейін қызмет атқарған.

    2018-2020 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы болды.

    2023 жылдан бастап Талғар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

    Естеріңізге сала кетейік, қазан айының басында Талғарда 16 жастағы Шерзат Болат аяусыз соққыдан қаза тауып, кейін оның отбасының үйі өртенген болатын. Бұл оқиға қазақстандықтар арасында резонанс туғызды.

    Осыдан кейін Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бәкіров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов қызметінен босатылды.

    Сондай-ақ қала әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев, Алматы облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров, Талғар аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Нұржан Күнтүнов қызметінен басатылды.

    Айта кетсек, бұған дейін Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы болып Нұржан Абдалимов тағайындалған еді.

    Талғардағы Шерзат Болат қазасынан кейінгі кадрлық ауыс-түйіс: қала әкімінің орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.